Қазақстан футболшыларының кәсіподақ ұйымы

Футболшы агентіпен өкілдік туралы келісімшартты қандай мерзімге жасай алады?

03 Мамыр, 11:23
Футболшы агентіпен өкілдік туралы келісімшартты қандай мерзімге жасай алады?

 .

Альянс мүшелері мен жас футболшылардың ата-аналарының жиі қойылатын сұрақтарына жауап береміз.

ФИФА ережелеріне сәйкес футболшы мен футбол агенті арасында жасалған өкілдік туралы келісімнің мерзімі екі жылдан аспауы керек. Бұл мерзім тек жаңа өкілдік келісімімен ұзартылуы мүмкін.

Кәмелетке толмағандарға келетін болсақ, жас футболшымен футбол агентінің арасындағы келісімшарт кәмелетке толмағанға дейін алты айдан аспайтын мерзімде, яғни Қазақстан Республикасының заңы бойынша футболшының 18-жасына дейін 6 ай ішінде рұқсат етіледі. Алайда бұл жағдайда футбол агенті міндетті түрде футболшының ата-анасынан рұқсат алуы қажет.

 

 

ДЕМЕУШІЛЕР МЕН СЕРІКТЕСТЕР