Қазақстан футболшыларының кәсіподақ ұйымы

Қандай жағдайда клубқа футболшыны дайындағаны үшін өтемақы төленбейді?

28 Наурыз, 14:40
Қандай жағдайда клубқа футболшыны дайындағаны үшін өтемақы төленбейді?

 .

Кәсіпқой футболшылар альянсы ұйымның мүшелері мен жас футболшылардың ата-аналарының жиі қойылатын сұрақтарына жауап береді.

Егер де қазіргі клуб футболшыға жаңа еңбек шартын ұсынбаса, футболшыны дайындағаны үшін өтемақы төленбейді. Яғни қазіргі клуб футболшыға ағымдағы еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін 60 күннен кешіктірмей ресми хабарлама арқылы жазбаша түрде жаңа еңбек шартын жасасуды ұсынуы керек. 

Сонымен қатар қазіргі клуб футболшыдан аталмыш жаңа ұсыныстың көшірмесін алғанын растауы керек. Тағы бір маңызды шарт жаңа ұсыныс ағымдағы еңбек шартынан қаржылық тұрғыдан, яғни жалақысы жағынан кем дегенде тең болуы тиіс.

ДЕМЕУШІЛЕР МЕН СЕРІКТЕСТЕР