Қазақстан футболшыларының кәсіподақ ұйымы

2024 жылға тыйым салынған дәрілердің тізімі жарияланды

08 Желтоксан, 09:00
2024 жылға тыйым салынған дәрілердің тізімі жарияланды

Қазақстан Республикасының Ұлттық допингке қарсы орталығы Дүниежүзілік допингке қарсы кодекске сәйкес 2024 жылға арналған Спортта тыйым салынған субстанциялар мен әдістердің тізімін жариялады.

Бұл тізім келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.  
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Кәсіпқой футболшылар альянсы мен ҚР Ұлттық допингке қарсы орталығы ынтымақтастық туралы келісімдер жасаған болатын.
Меморандум аясында тараптар жарыстарды допингке қарсы реттеу мәселелерінде кәсіби футболшылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал ететін түрлі бағдарламалар мен қосымшаларды әзірлейді және іске асырады, сондай-ақ жарыстарды допингке қарсы реттеу мәселелері бойынша Альянс мүшелерін тұрақты негізде ақпараттандыру және оқыту мақсатында семинарлар өткізетін болады.
Альянс барлық кәсіби футболшыларды дәрумендер мен дәрі-дәрмектерді таңдау және қабылдау кезінде мұқият болуға шақырады.
Құжатпен келесі сілтеме арқылы танысуға болады. 
Olimpbet - Кәсіпқой футболшылар Альянсының ресми демеушісі. 

ДЕМЕУШІЛЕР МЕН СЕРІКТЕСТЕР