ҚФА және Ұлттық допингке қарсы орталық өзара меморандумға қол қойды
30 Қараша,
11:30
Кәсіпқой футболшылар альянсы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық допингке қарсы орталығы ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасасты.
Меморандум аясында жарыстарды допингке қарсы реттеу мәселелерінде кәсіби футболшылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал ететін түрлі бағдарламалар мен қосымшаларды әзірлеу іске асырылады, сонымен қатар жарыстарды допингке қарсы реттеу мәселелері бойынша Альянс мүшелерін тұрақты түрде білімін арттыру мақсатында арнайы семинарлар өткізетін болады.
Қазақстанның ұлттық допингке қарсы орталығы Қазақстан Республикасының допингке қарсы бағдарламасын іске асыратын мемлекеттік ұйым болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық допингке қарсы орталығының негізгі мақсаты: спортшыларды ақпараттандыру және әділ ойын принциптерін сақтау, сонымен қатар допингсіз спортты сақтау үшін олардың білімін жоғарлату.
Ынтымақтастықты қаржылық қамтамасыз ету Альянстың негізгі демеушісі - Olimpbet компаниясының тікелей қатысуымен жүзеге асады.