Клуб футболшының зейнетақы жарналарын уақытылы аудармай, жылдың соңында бір-ақ рет аударады. Бұл әрекет заңды ма?

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Жұмыс берушінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу және аудару ережелері мен мерзімдерімен» реттеледі.
Аталған Ережелерге сәйкес, жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) зейнетақы жарналарын аударуы міндетті және, басқа жағдайлар көзделмесе, қолма-қол емес төлемдер арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Есептелген міндетті зейнетақы жарналары жұмыс беруші табыс төлеген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей Мемлекеттік корпорацияға аударылуы керек.
Міндетті зейнетақы жарналары әр ай бойынша бөлек, Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер және ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларымен белгіленген тәртіппен жинақтық төлем тапсырмасы арқылы аударылатынан ұмытпай керек.