Қазақстандық футболшылар клубты тек жергілікті органдарға, ал шетелдік футболшылар FIFA-ға сотқа беруге құқылы деген ақпарат рас па?
22 november,
10:35
ФИФА мәртебесі мен ауысулары туралы Ережеге сәйкес, аталмыш орган футболшылар мен клубтар арасындағы еңбек дауларын қарастыруға құзыретті, қарапайым тілмен айтқанда Қазақстанда ойнайтын легионер футболшылар FIFA заң органдарына көмек сұрауға құқылы.
Ал отандық футболшыларға келетін болсақ, олар Қазақстан футбол федерациясының регламентіне сәйкес федерацияның Дауларын шешу жөніндегі палатаға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес Азаматтық сотпен мен Еңбек инспекциясына жүгінуге құқылы.