Футболшылар ФИФА заң органдарына арнайы сайт арқылы өтініш бере алады
24 сентября,
15:00
Қазіргі уақытта ФИФА-ның заңды органдарына барлық өтініштер ФИФА-ның заңды порталы legalportal.fifa.com сайты арқылы беруге болады. Аталмыш тәсіл факс және электрондық пошта арқылы өтініш беруді ауыстырды.
Бұл порталды пайдалану өте оңай екенін атап өтеміз – өтініш беру үшін кәсіпқой футболшы өзінің клубы бойынша ақпаратты енгізуі, сондай-ақ істің мәні бойынша құжаттаманы қосуы қажет.
Құжаттарды тапсырғаннан кейін ФИФА міндетті түрде сізге жазбаша жауап қайтарады.
Өтініш беру үшін қажетті ақпарат тізімі ФИФА футбол трибуналын реттейтін процедуралық ережелердің 18-бабында қарастырылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram