Клуб келісімшартты мерзімінен бұрын бұзған кезде футболшы қандай өтемақы алуға құқылы?

Қазақстан футболшылар кәсіподағы ұйым мүшелері мен өзге қазақстандық футболышлардың жиі қойылатын сұрақтарына жауап береді.
Футболшы тарапынан да, клуб тарапынан да келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда белгіленетін өтемақы мөлшері көбінесе жеке тұрғыда қарастырылады.
Бірқатар жағдайлар Қазақстан футбол федерациясы футболшылардың мәртебесі мен ауысуы жөніндегі Регламентімен реттеледі.
Басқа жағдайларда, кәсіподақ футболшыларға клубтармен өтемақы мөлшерін жеке талқылап, аталмыш шарттарды келісімшарттарда тіркеуге кеңес береміз.
Бұл ретте өтемақы мөлшері клуб тарапынан шарт бұзылған жағдайда да, футболшы тарапынан бұзылған жағдайда да пропорционалды болуы тиіс екенін ұмытпаңыздар.
Olimpbet - Қазақстан футболшылар кәсіподағының басты серіктесі!
Посмотреть эту публикацию в Instagram