Қазақстан футболшыларының кәсіподақ ұйымы

Клуб футболшымен сыйақы төлеуді қарастыратын қызмет көрсету туралы келісімшарт жасасып, онда ең төменгі жалақыны көрсетеді. Бұл әркет заңды ма?

22 Сәуір, 16:30
Клуб футболшымен сыйақы төлеуді қарастыратын қызмет көрсету туралы келісімшарт жасасып, онда ең төменгі жалақыны көрсетеді. Бұл әркет заңды ма?

Қазақстан футболшылар кәсіподағы ұйым мүшелері мен өзге қазақстандық футболышлардың жиі қойылатын сұрақтарына жауап береді. 

Еңбек кодексінің 24-бабына сәйкес, футболшы жеке өзі жұмысты (еңбек функциясын) орындайды, еңбек тәртібін, спорттық режимді сақтайды, ал футбол клубы кәсіби футболшыға келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Осыған байланысты, клуб пен кәсіби футболшы арасында дәл еңбек кодексінің талаптарына сай еңбек шарты жасалуы тиіс.

Сонымен қатар, бұл ереже Қазақстан футбол федерациясының футболшылардың мәртебесі мен ауысулары туралы Регламентінде де бекітілген. Аталған Регламентке сәйкес, клуб пен футболшы арасында дәл Еңбек шарты жасалуы қажет – бұл Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жазбаша келісім.

Сонымен қатар, Регламенттің еңбек қатынастарындағы тұрақтылықты сақтау жөніндегі ережелері клуб пен кәсіби спортшы арасындағы еңбек шарты аясында белгіленеді. Осыған байланысты, футболшымен қызмет көрсету туралы шарт жасасу – бұл Регламентті де, еңбек заңнамасын да бұзу болып саналады.

ДЕМЕУШІЛЕР МЕН СЕРІКТЕСТЕР

Заявка на членство

Задать вопрос