Қазақстан футболшыларының кәсіподақ ұйымы

Кәсіподақ мүшелеріне арнайы тактикалық семинар өткізілді

23 Шілде, 11:16
Кәсіподақ мүшелеріне арнайы тактикалық семинар өткізілді

Қазақстан футболшыларының кәсіподағы Olimpbet бекмекерлік кеңсесінің қолдауымен ұйым мүшелері мен жас футболшыларға арнайы тактикалық семинар өткізді.

Семинардың басты тақырыбы - әлемдік футболдағы орталық қорғаушылардың қателіктері мен ойыны. Аталмыш шараға онлайн әр түрлі деңгейдегі клубтардың 40 жуық футболшысы қатысты.

Семинардың спикері ретінде YouTube-тағы тактикадан белгілі арналардың бірі «Культура Паса» арнасының авторы, ресейлік ЦСКА және «Краснодар» клубтарының бұрынғы сарапшысы Максим Ковалев шақырылды.

Бұл семинарлар топтамасының бастамасы. Кәсіподақ бастауымен алдағы уақытта футболшыларды тактикалық түрде білімін көтеру өз жалғасын табады. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан футболшыларының кәсіподағы (@kaz.kfa)

ДЕМЕУШІЛЕР МЕН СЕРІКТЕСТЕР