Қазақстан футболшыларының кәсіподақ ұйымы

Сынақ мерзімі кезінде футболшыны командадан шығару қаншалықты заңды?

17 Желтоксан, 13:42
Сынақ мерзімі кезінде футболшыны командадан шығару қаншалықты заңды?

FIFA-да орын алған жағдай мен практикасы тұрғысынан сынақ мерзімінің нәтижелері бойынша футболшыны жұмыстан шығару заңсыз болып саналады, себебі көп жағдайда футболшымен келісімшарт жасасар алдында клуб футболшыны қаралымнан өткізу мүмкін.

Мұндай жағдайда жұмыстан босатылған шетелдік футболшылар FIFA заң органдарына жүгіне алады.

Қазақстандық футболшыларға қатысты жұмыстан шығарудың заңсыздығын дәлелдеу қиын, себебі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сынақ мерзімінен өтпеу еңбек шартын бұзудың негіздерінің бірі болуы мүмкін.

Біз қазақстандық футболшыларға жасалатын келісімшарттардың ережелерімен мұқият танысуға және еңбек шартын бұзу шарттарын алдын ала талқылауға, атап айтқанда сынақ мерзімінен өтпеуге байланысты командада қалдырмау жөніндегі шартты келісімшартқа енгізбеуге кеңес береміз.

ДЕМЕУШІЛЕР МЕН СЕРІКТЕСТЕР