Қазақстан футболшыларының кәсіподақ ұйымы

Басқару

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Асхат Тағыберген

Қазақстандық кәсіби футболшы, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында 50-ден астам ойын өткізіп, оның капитаны болған. Қазақстан Премьер-Лигасында (жоғарғы дивизион) 300-ден астам матч өткізген, еліміздің 5 дүркін чемпионы және Қазақстан Республикасы Кубогының 2 дүркін иегері.

БАС ХАТШЫ

Олжас Абраев

Қазақстандық футбол функционері, елдегі футбол жүйесінде басқарушылық тәжірибесі мол маман: ҚФФ-ның бірінші вице-президенті, ҚФФ бас хатшысы, ҚФФ Атқарушы комитетінің көпжылдық мүшесі, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының (ҚКФЛ) президенті қызметтерін атқарған. 2011 жылдан бастап УЕФА-ның түрлі комитеттерінің мүшесі болып табылады, қазіргі уақытта УЕФА матч делегаты және ФИФА матч комиссары қызметін атқарады.

АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОР

Нұркен Мырзағалиев

БАҚ-пен өзара әрекеттесу және спорттық маркетинг саласында тәжірибесі бар, коммуникация, журналистика және маркетинг бағытында жұмыс істейтін қазақстандық футбол маманы. Еңбек жолында әртүрлі қазақстандық футбол клубтарында, Қазақстан ұлттық құрамасында және ҚКФЛ-де баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Сонымен қатар, ҚФФ-ның баспасөз қызметі және маркетинг департаменті директорының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

 

ДЕМЕУШІЛЕР МЕН СЕРІКТЕСТЕР

Заявка на членство

Задать вопрос